22 Желт 2020
Страницы "Милы жалпы білім беретін бастауыш мектебі" КММ

Мектеп туралы

Милы БББ мектебі

 

Шалабаева Жанагул Сахиевна – мектеп директоры

Қабылдау кестесі: Дүйсенбі, бейсенбі  10:00-17:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8 (713) 75-5-11

Қысқаша өмірбаяны:

            Шалабаева Жанагул Сахиевна 01.01.1985 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Милысай  ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2010 жылы Ақтөбе мемелекеттік педагогикалық институтын бітірген.

Мамандығы: Бастауыш сынып  мұғалімі.

Еңбек жолын 2006 жылы Милы бастауыш білім беретін мектебінен бастаған.

2006 – 2007 жылдары дене шынықтыру пәнінің мұғалім,

2007-2010 жылдары  салауаттану пәнінің мұғалімі,

2010- 2013 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

2013-2016  жылдары мектеп директорының қызметін уақытша атқарушы,

2016 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқаруда.

Марапаттары:

  1. «Құрмет грамотасы» Ақтөбе облысы әкімінің 2014 ж.
  2. «Құрмет грамотасы»  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының,  2014 ж.
  3. «Алғыс хат» республикалық  «Күзгі көрініс» байқауына жеңімпаз оқушы даярлағаны  үшін, Астана-2018ж.
  4. «Диплом» 3-орын. Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығы 209 ж.

«Алғыс хат.» Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығы 2019 ж.

  1. «Құрмет грамотасы» Ақтөбе облыстық білім басқармасы, 2019 ж.
  2. «Диплом» «Ұлттық валюта, ұлт мақтанышы» байқауына  шәкірттерін қатыстырып, белсенділік танытқаны үшін, Алматы, 2018 ж.

 

 

Мұғалімдер саны: 5

Оқушылар саны: 12

Арнайы кабинеттер: мультемедиялық кабинеттер – 3, оқу кабинеттері – 3.

Асхана: бар

Спорт алаңы: бар

  

Мектеп тарихы

Милы бастауыш білім беретін  мектебінің тарихы 1977-жылы Милы бастауыш мектебі болып құрылуынан басталған. 1979-1980 жылдары 8 жылдық, 1980-2001  жылдары негізгі мектеп, 2001-2017жылдары орта мектеп, 2017-2018 жылдары негізгі мектеп, 2018-2020 жылдан  бастап Милы бастауыш білім беретін  мектебі болып құрылды. Мектеп ескі ұлгімен салынған.Қазіргі кезге дейін  жұмыс жасауда.

Мектеп басқарған директорлар:  Қ.Бақажанов, Қ.Әмирин, К.Ташпенова, Б.Баханов, А.Рахметалиев, Р.Сейтова, Ж.Шалабаева.

Бұл мектепте ҚР білім беру ісінің үздіктері, әр түрлі республикалық деңгейдегі марапаттардың иегерлері С.Жанықұлова, Ғ.Жылымова, Б.Жаймағанбетова, Р.Беймағанбетова, Р.Мұқақова, Т.Қайрақбаева, С.Дүйсенғалиева, Б.Сейтов, Ж.Елубаев, Б.Махмутов сияқты мұғалімдер  қызмет  етті.  Мектепте «Облыстың ең үздік» мұғалімі атанған  Г.Искакова, Р.Сейтова, А.Иргизбаева, А.Қитарова, А.Мамбетова, Ұ.Қайрақбаева, Ж.Түрекешова мұғалімдер болды.

Алматы қаласы  Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Рапаш Ерке Бейсенғалиқызы, Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны – Алданбергенов Нұралы Қуанышұлы, Ақтөбе қаласы екі мәрте  кеңес одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері әскери институты  РТҚЕ бөлімі Байланыс және Радиобөлімшесінің бастығы – Сахи асылбек Сахиұлы, Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі –Рапаш Үміт Бейсенғалиқызы, Ақтөбе қаласы №73 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі – Есболсын Ардақ Жаңабайқызы, Ақтөбе қаласы  Алматы ауданы әкімдігі Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі Жастар тәжірибесінің маманы – Нәжіп Досбол Бердібекұлы, Әйтеке би ауданы С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі – Жылқыайдар Наурызбай Жылқыайдарұлы, Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы  АӨУ Жоғарғы Колледжі Арнайы пән және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Ибрагимов Төлеген Асылбекұлы  сияқты көптеген түлектеріміз мектептің мақтанышы.

Жаңалыктар